Шахтинскіде өртенген пәтерден «АрселорМиттал Теміртау» заңгерінің денесі табылды

0

Шахтинск қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған өртті сөндіру кезінде ТЖД қызметкерлері 54 жастағы әйелдің денесін тапты, деп хабарлайды kznews.kz сайты. 

Ол «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының заңгері болып шықты. Әйелдің денесінде пышақ жарақаты болған.

Қайғылы оқиға 23 сәуір түскі уақытта болған. Бес қабатты тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтерде жалпы ауданы 6 шаршы метр аумақта жиһаз бен үй заттары өртенді. ТЖ департаментінің күшімен кіреберістегі пәтерлерден 9 адам эвакуацияланды. Өрт толық сөндірілді.

Оқиғаның мән-жайы мен өрттің себебі анықталып жатыр.

Полиция «кісі өлтіру» бабы бойынша іс қозғады.