Шағын несиелер: ойлы көзқарас оң нәтиже береді

0

        Шағын несие уақытша қаржылық қиыншылықтарды шешетін қолжетімді тәсілдердің бірегейі ретінде қазақстандықтар арасында кең тараған. Бәрімізге белгілі ұсынысты сұраныс тудырады. Бүгіндері қаржылық қызмет көрсету саласында тиімді ұсыныстар жасайтын кішігірім қаржы ұйымдары жетіп, артылады. Олар шынымен де тиімді ме деген сауалдың жауабын Financer.com тегін қызметінен білуге болады.

Шағын несиелердің ақшаны кез келген уақытта, кепілсіз және қосымша кепілдіксіз тез алудың мүмкін екендігі сияқты көзге көрінер артықшылықтары бар. Қолыңызда төлқұжатыңыз бен ғаламтор желісіне кіретін мүмкіндігіңіз болса, жетіп жатыр. Оның үстіне банк несиесінен шағын несиенің дәл сол заматта қажетті соманы рәсімдей алатын (1-300 мың теңгеге дейін) айырмашылығы бар.

Әрине қаржылық қиыншылықтарды шешудің мұндай тәсіліне ойлы көзқараспен, жауапкершілікпен келген дұрыс. Бұл жерде шағын несие беретін компанияны таңдау да шешуші роль атқарады. Несие беретін ұйымның іскерлік беделіне, сізбен жасалынған несие келісім-шартының еліміздің қолданысындағы заңдарға сәйкес екендігін кепілдендіретін ресми тіркеуден өткендігіне ерекше назар аудару керек. Өздеріне сенімді несие берушілер өздерінің байланыстарын, көпшілікке арналған ұсыныстарын және басқа да құжаттарды өздерінің сайттарында жария етіп отырады. Financer.com сервисінде қаржылық қызмет нарығы туралы қажетті және өзекжарды ақпараттар және біршама тиімді ұсыныстар жинақталған, сонымен қатар несие компанияларының толық әрі объективті сипаттамалары, олардың артықшылығы мен кемшілігі берілген.

Financer.com әртүрлі шағын қаржы ұйымдарының несиелік ұсыныстарының мөлшерін, төлемдерін, уақытын салыстыра отырып, ең тиімдісін таңдауға көмектеседі. Слайдерде тек қажетті соманы көрсетсеңіз болды, несие бағасына сай іріктелген барлық ұсыныстарды көре аласыз. Ал әрбір компанияның жалпы рейтингінде қарыз алушының (қарызгердің) жасы, несиелік қызметінің жоқтығы және басқа да анықтамалары жазулы тұрады.

Шағын несиені рәсімдей отырып, әрбір несиенің қаржылық міндеттілік жүктейтінін еске алу маңызды. Кешіктірілген төлемге несие беруші қосымша пайыздар талап етуге құқылы, сонымен қатар басқа да шығындарына төлем ала алады. Мұндай жағдайда қарыздың жалпы сомасы тез өсе бастайды. Сондықтан сіз несие келісімінің шарттарын, косымша шығындардың мөлшерін міндетті түрде мұқият зерттеп, түсініп алыңыз. Кредиттеу мерзімі неғұрлым қысқа болса, артық төлемдеріңіздің де соғұрлым төмен болатынын сөз арасында айта кетелік.

«Несие компаниялар мен кредиттеу сервистерінің сайттарына өзіңіздің жеке мағлұматтарыңызды енгізер алдында өзіңіздің ең тиімді ұсынысты таңдағаныңызға және шағын несие алудың талаптарымен танысқаныңызға сеніммен қараңыз. Әрбір МФО-ның сайтында жарияланатын шағын несиені рәсімдеу ережесін мұқият оқып алыңыз», – деп атап өтті Financer.com порталының жеке қаражат және несиелеу жөніндегі сарапшысы Евгения Николаевская.

Financer.com сервисіндегі несие және пайыздық калькуляторлардың көмегімен депозиттер мен несиелердің шынайы мөлшерлемесін есептеп шығуға болады. Ал «Пікірлер» (Отзывы) бөлімінде шағын несие ұйымдары, банктер, олардың ұсынатын өнімдері туралы өз ойларыңызбен бөлісуге, сондай-ақ осы және басқа да компаниялармен қарым-қатынастың шынайы тәжірибесі жинақталған өзге пайдаланушылардың пікірлерімен де танысуға болады.