«Сезгендей болды»: Қызылордадағы тікұшақ апатында көз жұмғандардың бірі отбасымен қимай қоштасып кеткен — Қазақстан жаңалықтары

0

Қызылордадағы тікұшақ апатынан көз жұмған ефрейтор Өмірхан Каукаев таяуда екінші мәрте әке атануы тиіс болған. Оның жұбайы жүктілігінің 9-айында жүр. Әскери қызметкер қызметіне кетер алдында отбасымен қимай қоштасып кеткен екен, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

«Сезгендей болды»: Қызылордадағы тікұшақ апатында көз жұмғандардың бірі отбасымен қимай қоштасып кеткен

Бір жарым жасар Әрсен әкесін бірнеше күн бұрын ғана көрген. Ол ұлымен ойнап, құшақтап, артынша соңғы іссапарға аттанған. 

Марқұмның жұбайының сөзінше, бұл Өмірхан Каукаевтың тікұшақпен алғаш ұшуы болыпты.

«Ол сезгендей болды. «Баламды, өзімнің ұлымды сағынатын болдым. Бір айға кетіп барамын, мұншама ұзақ уақытқа кеткім келмейді», — деді. Баласын қайта-қайта құшақтай берді. Мен уақыттың өте шығатынын айтып, оны тыныштандырмақ болдым», — дейді марқұмның жұбайы Фариза Назарбаева. 

Өмірхан бала күнінен әскери қызметкер болуды армандапты. Ол әскери киімін мақтанышпен киіп, қызметінде жетістікке жеткісі келген. Ол небәрі 28 жаста болған екен. 

«Үй алып, мансабын құрғысы келді. Көптеген мақсаты болды. Жетістікке жеткісі келіп еді. Үлкен отбасы болғанды қалайтын. Үнемі көпті қалайтын еді», — дейді марқұмның анасы Қарлығаш Жүсіпова. 

Еске сала кетсек, 27 наурызда Қызылорда облысында Ақтаудан Шымкентке ұшып бара жатқан тікұшақ құлады. Тікұшақ басқа төрт әскери тікұшақтармен топ құрап, Ақтаудан Шымкентке  ұшып бара жатқан. «Алтын Жебе» атты арнайы бөлімдердің оқытуы әрі кешенді тексерісі болған соң, тікұшақтар бір қаладан екінші қалаға ұшуды көздеген. 

Президент Тоқаев қайғылы оқиғада қаза тапқандардың жанұясына көңіл айтып, тергеу жұмыстарын бастауды бұйырды

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz