Сеулде қаза болған студенттің денесін жеткізу кезіндегі шығындарды Корея көтерді

0

Корея Сеулдегі «Хэллоуин» мейрамында қаза тапқан Ақтөбе тұрғынының денесін жеткізу ақысын төледі.

Сеул ЖОО-да оқыған қазақстандық қыздың денесі корей тарапының есебінен Ақтөбеге жеткізілді. Студент Хэллоуин мерекесінде болған оқиғада қайтыс болды. Бұл туралы брифингте ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

«Біздің Сеулдегі елшілігіміз қолдан келгеннің бәрін жасады, қайғылы оқиғадан кейінгі күні Корея СІМ – мен келіссөздер жүргізілді, қаза тапқандардың денесін Ақтөбеге жеткізу бойынша барлық шығындарды Корей тарапы көтереді деген уағдаластыққа қол жеткізілді», — деді Смадияров.

Сонымен қатар қыздың денесі 3 қарашада Алматыға жеткізіліп, 4 қарашада Ақтөбеге жеткізілгенін хабарлады.

t.me/orda_kz
Фото: exk.kz