Серікжан Біләш: Қазақстандық Сотқа да, полицияға да түкіргенім бар

0

Желіде Серікжан Біләштің онлайн сот отырысы кезінде оқырмандарымен тікелей эфирге шыққан видеосы тарап жатыр. Тікелей эфирге шығып, сотқа қарсы сөйлегеннен кейін барлығы онлайн соттан шығып кетеді. Қорғаушысымен қалған Серікжан «Мен сендерге кедергі болмақ түгілі, беттеріңе түкіріп отырмын. Мен комедия көру үшін, халыққа комедия көрсету үшін кіріп отырмын. Ертең Халықаралық сотқа берем сендерді. Алдын ала ескерттім. Керек десеңдер ИНТЕРПОЛ-ға беріңдер»-деп айтты Серікжан Біләш.