Серік Жұманғарин ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды — Қазақстан жаңалықтары
Серік Жұманғарин ұлттық экономика министрінің орынбасары қызметінен босатылды. Бұл қызметке Жаслан Мәдиев тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«ҚР үкіметінің қаулысымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Осыған дейін аталған қызметті атқарған Серік Жұманғарин берген өтініміне сәйкес лауазымынан босатылды», — делінеді хабарламада.
Жаслан Мәдиев 1983 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Нью-Йоркте Халықаралық қатынастар және мемлекеттік басқару мектебін, Массачусетс технологиялық институтын, Слоун бизнес мектебін тәмамдаған.
«Альянс Банк» АҚ, ҚР Ұлттық банкі, «Қазақстанның даму банкі» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ-да түрлі лауазымдарды атқарған. Әр жылдары «Ұлттық инвестициялық корпорациясында», ҚР премьер-министрінің кеңесшісі болып жұмыс істеген. 2017 жылдан бастап «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қаржы жөніндегі вице-президенті қызметін атқарған.
stan.kz