Серік Жұманғарин: Менің азық-түлік алуға барғаным, отбасым үшін артық шығын

Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин азық-түлікке қанша теңге жұмсайтынын айтты.
«Әркезде әрқалай. Соңғы рет әйеліммен азық-түлікке 47 мың теңге жұмсадық. Алайда жиі бармайтыным туралы да айтқым келеді. Себебі менің азық-түлік алуға барғаным, отбасым үшін артық шығын. Жалпы үйде ас бөлменің тірлігімен әйелім айналысады», — деді ол.