Серік Жұманғарин Cұлтановтың орнын алмастырды
Серік Жұманғарин премьер-министрдің орынбасары — сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы болып тағайындалды, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
«Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылсын», — делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Бақыт Сұлтанов премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі қызметінен босатылған болатын.