Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды
Олимпиада чемпионы ендігі кезекте спорт және дене шынықтыру саласын жетелейтін болады.
Серік Сәпиев ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz комитеттің баспасөз-хатшысы Раухан Түгүмбаевқа сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Серік Жұманғалиұлы Сәпиев ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Осы орында бұған дейін қызмет атқарған С. Жарасбаев берген өтінішіне сәйкес қызметінен босатылды», — делінген хабарламада.
Бұдан алдын Серік Сәпиевтің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдағаны туралы хабарланған болатын.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/