Серік Қонақбаев қазақ боксшыларына АІВА қысым көрсететінін ашып айтты — новости Казахстана
Халықаралық бокс қауымдастығының (AIBA) президенті лауазымына кандидат болған Серік Қонақбаев әлемдегі әуесқой бокстың жағдайына қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды Vesti.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.
«Мен, ең алдымен, республикамыздың Бокс федерациясына рахмет айтқым келеді. Алға жылжуға белсенді қолдау көрсеткені үшін Тимур Асқарұлына ерекше алғыс білдіремін.
Сайлау өте қиын болды. Өкінішке орай, белсенді насихат жүргізуге уақыт тығыз болды. Бірақ біз 48 дауыс жинадық, менің ойымша, бұл — біздің еліміз үшін жақсы көрсеткіш. Бұл тарихи тәжірибе десем де болады.
Сіздер жағдайды жақсы білесіздер. ХОК барлық жарыстарды тоқтатуға шешім қабылдаған. Бүгін комиссия құрылды … Тексеру жүргізілетін болады.
Жақында Тимур Асқарұлы Томас Бахпен (ХОК басшысы) кездесіп, жағдай анық болады деп ойлаймын. Бірақ күресуді жалғастыратынымызды айтқым келеді.
Шындығында, біз үнемі AIBA тарапынан қысымға ұшырадық. Азия ойындарында Қазақстаннан бірде-бір судья болмады. Бізге қарсы жұмыс болғаны аңғарылып тұрды.
Конгрестің қарсаңында шиеленіс болған. Біз оны білдірмедік, іштей күрестік. Өкінішке орай, әкімшілік ресурс біздің жақтасымыз болмады. Бірақ бұл өте жақсы тәжірибе.
Бізде болашаққа деген жақсы жоспарлар бар. Біз жеңуіміз керек. Біздің боксшылар шынайы қамқоршы барын сезінеді.
Түбінде ешкімді айыптамаймыз. Бұл біздің дәстүріміз емес. Бізге тек жұмыс істеп, шыдау керек, — деді Қонақбаев.
Еске сала кетейік, 3 қарашада Мәскеуде AIBA президенттігіне сайлауда Қонақбаев өзбекстандық Гафур Рахимовқа есе жіберді. Нәтижесінде ол 134 дауыстың 86 дауысын жинады.
Дауыс беру рәсімі бастапқыда электронды дауыс беру арқылы өтеді деп күтілгенімен, жүйені тестілеуден соң дауыс беруді қағаз бюлетень көмегімен өткізетін болып шешті.
Қазақстандық кандидат Қонақбаев AIBA президенттік сайлауының нәтижелеріне наразылық білдіретінін айтты.
30 қарашада Халықаралық Олимпиада Комитеті (ХОК) 2020 жылы Токио Олимпиадасында бокстан бәсекелестік өткізуді жоспарлағаны белгілі болды.