Серік Күдебаевтың ұлы қайтыс болды

0
106

29 жастағы Нұрсұлтан Күдебаевтың өлімі туралы ақпаратты қалалық полицияда растады

АЛМАТЫ, 28 тамыз — Sputnik. Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаевтың ұлы – Нұрсұлтан Күдебаев қайтыс болды. Ақпаратты полицияның қалалық департаментінде ресми түрде растады. Оқиғаның мән-жайы айтылған жоқ.

Нұрсұлтан Күдебаевтың қайтыс болғаны туралы ақпарат 28 тамыз күні таңертең шықты.

«Иә, өкінішке қарай, бұл ақпаратты растаймыз. Басқа еш нәрсе айта алмаймыз», – деді Sputnik Қазақстан тілшісіне полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Нұрсұлтан Күдебаев 1990 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық мемлекеттік университетінде оқыды. Алматы қаласы Алатау ауданы прокурорының орынбасары қызметін атқарған.



sputniknews.kz