Серік Ибрагимов өзіне ұл сыйлаған жұбайына жеке кәсіп ашып берді — Қазақстан жаңалықтары

0

Осыдан үш жылдай бұрын шаңырақ көтерген Серік Ибрагимов бүгінде келіншегін жанынан тастамайды. Өзге әріптестерімен салыстырғанда, мерекелік кештер мен түрлі думандарға өзімен бірге алып барады. Сондай-ақ, Серік өзіне ұл сыйлаған сүйікті жарына жеке кәсіп ашып берген. 

Серік Ибрагимов өзіне ұл сыйлаған жұбайына жеке кәсіп ашып берді

Бұл туралы Stan.kz Hit-TV арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

«Аруларға арнап дүкен ашқан болатын. Әзірге өзінікін өзін өтеп жатыр. Болашақта үлкен нәрселер алып келеді деген ойдамыз. Әзірге ашылғанына 2 ай ғана болды», — дейді Серік. 

Ибрагимов келешекте дүкен кеңейіп, отбасылық бизнеске айналар деп үміттенеді. Кәсіптен бөлек, әнші жеке шығармашылығын да ұмыт қалдырған емес.

«Үлкен-үлкен концерттерге қатыспаймын. Мен немесе гастрөлде, немесе тойда жүремін. Сондықтан әзірге шықпай кетіп. Күйзеліске түспедім. Кеше ғана Қарағандыдан келдім. Гастрөлдерім жалғаса бермек», — дейді Серік.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

stan.kz