Серік Ибрагимов: Неге дәрігер немесе құрылысшы бола салмадым?!

0

Пандемия кезінде әншілер қауымы тойсыз, жұмыссыз қалды. Миллиондап табыс тауып үйренген өнер иелеріне оңай соқпағаны рас. Әсіресе қосымша кәсібі болмаған Серік Ибрагимов қиналып қалғанын айтты, деп хабарлайды kznews.kz сайты stan.kz порталына сілтеме жасап.

Бұл туралы «Ревю» бағдарламасына мәлімдеді. Не істерін білмегені сонша, 42 500 теңгеге өтінім берген әнші бұдан қандай сабақ алғанын айтты.

«Неге осы уақытқа дейін бірдеңе ашып қоймадым деген ой болды. Жақында екі бизнес ашып, соның басын ұстап келеміз», – деген Серік алдағы уақытта бизнеске дендеп кірісетінін айтты.

Әнші пандемия кезінде өнер саласын таңдағанына өкініп қалғанын жасырмады.

«Адамның көңілі аш болса, әнмен көңілін көтеру қиынға соғады екен. Сондықтан өнер ең соңғы сатыға барып тіреледі екен. Мәдениет пен спорт елдің біраз нәрсесін көрсетеді ғой.

«Сол кезде неге дәрігер, құрылысшы бола салмадым?» деген ойлар келді. Сондай бір күйзеліс, сынақ болды», – дейді Серік.

«Қарның ашса, кез келген нәрсе қолыңнан келеді» деген Серік қосымша продюсерлікпен айналысып бастағанын жеткізді.

Серік өзінің жерлес-туысы әрі руласы, рэпер BigSher-ге (Әлішер Бурханов) қолдау білдіруде.

Продюсермін дегенмен, екі тараптың арасында ресми келісім-шарт жоқ. Ибрагимов 10 жылдан бері жанында жүрген інісіне бар болғаны ағалық қамқорлық танытуда.