Нұр-Сұлтан полициясы пара алып «Сергектегі» айыппұлды өшіріп отырған

0

Нұр-Сұлтандағы құқықбұзушылықтар «Сергек» камераларының деректер базасынан шығарылған. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы Шыңғыс Қабдолла айтты.

«Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің жедел басқару орталығының лауазымды тұлғаларына қатысты бірқатар қылмыстық іс қозғалды, олар «Сергек» камералары тіркеген әкімшілік құқықбұзушылықтардың бірыңғай тізіліміне бұрмаланған деректерді жүйелі түрде енгізу арқылы құқықбұзушыларды жүйелі түрде жауапкершіліктен босатып отырған.

«Сергек» базасынан көптеген құқықбұзушылықтар есептен шығарылды», — деді Astana — аdaldyq аlany брифингінде Шыңғыс Қабдолла.

Tengrinews.kz