Сергей Лавров сөйлер кезде ЕО өкілдері залдан шығып кетті

0

Ресей СІМ басшысы Сергей Лавровтың Женевадағы қарусыздану жөніндегі БҰҰ Конференциясының сессиясында сөйлеген сөзі басталған кезде дипломаттар залдан жаппай шығып кетті, деп хабарлайды kznews.kz сайты Caravan.kz порталына сілтеме жасап.

БҰҰ-ның Женевадағы штаб-пәтерінде орналасқан шенеуніктер, соның ішінде Еуропалық Одақ, АҚШ және Ұлыбритания дипломаттары Ресейдің Украинадағы арнайы операциясына наразылық білдіріп, өз орындарынан тұрып, өз баяндамасын бейне хабарлама форматында оқыған кезде залдан шығыр кетті.

Ресей СІМ басшысының өзі конференцияға жеке қатыса алмады, өйткені Швейцария оның ұшағын қабылдамады.