Сенсациялық жеңістің видеосы. Қазақ спортшы Brave тарихында ең үлкен апсет жасады

0

Қазақстандық спортшы Олжас Есқараев Алматыда өткен Brave CF 53 турнирінде сенсациялық жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ол лиганың бұрынғы чемпионы Лукас Мартинспен жұдырықтасып, екінші раундта қарсыласын қылқындырып тастады.

Олжас бұл айқасқа бес күн ғана қалғанда келіскенін айта кету керек. Сонымен қоса, бұл оның кейінгі төрт айдағы қатарынан үшінші жекпе-жегі және Brave CF промоушеніндегі бірінші кездесуі.

Жекпе-жектен кейін ринг-анонсер қазақ спортшының жеңісін лига тарихындағы ең үлкен апсет деп атады.