«Сеніміне кіріп, ойын өзгертеді «: таксистерден келетін қауіп қандай? — Қазақстан жаңалықтары

0

Экстремистер қазақстандықтарды тартудың жаңа әдістерін ойлап тапты. Кейбір деструктивті ағымдардың өкілдері таксист болып жұмыс істеп, жолаушыларды өз жақтарына тарта бастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Астана» арнасына сілтеме жасап. 

такси

Құрбанын табу үшін экстремистер автокөліктерді жалға алып, тәулік бойы такси қызметін ұсынып, келген жолаушылардың сеніміне кіріп, өздерінің ағымымен таныстырады.

Мамандардың сөзінше, экстремистер жыл сайын адамдарды өзіндеріне тарту мақсатында түрлі әдістерді ойлап табады. Ал такси жалдау Қазақстандағы кең таралған үрдіске айналған.

«Кейбіреуі таксиді бір күнге жалға алады. Жол жүру кезінде жүргізуші еркін сөйлесуді бастайды, жол жүру бағасын төмендетуді ұсынады, жолда тамақ алып береді немесе бір жерге шақырады. Байланыс нөмірін алып, қарым-қатынас орнатады, солай оның сеніміне кіріп, адамның ойын өзгерте бастайды», — дейді Нұр-Сұлтанның діни мәселелерді зерттеу бөлімінің бастығы Александр Антипин.

Деструктивті ағымдарға адамдарды тарту әдістері жыл сайын дамып келеді. Экстремистер психологиялық әсер ету дағдыларына ие. Жақында «махаббатпен бомбалау» деген жаңа тұжырымдама пайда болды, яғни оларөз құрбанына көп көңіл бөліп, оның ықыласына ие болады.

«Адамдарға, әсіресе, әлеуметтік желілерде көп уақыт өткізетіндерге көңіл жетіспейді. Қыздардың керемет өмір, көп бала мен жердегі жұмақты ұсынған еркектермен хат алмасқаннан кейін, Сирияға кеткен көптеген мысалдарын келтіруге болады», — дейді Александр Антипин.

 

stan.kz