«Сенен ұлым ретінде сұраймын»: Зейнеткердің хаты Ақмола облысы ПД басшысының көңілін босатты – Қазақстан жаңалықтары

0
57

Ақмола полицейлері жалғыз басты зейнеткерді полиция департаменті басшысының атына жазған хатынан кейін жүгімен бірге жаңа тұрғылықты жеріне көшуге көмектесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

әже

Polisia.kz порталының мәліметінше, Бақыт Нұртазқызы қартайғанда жалғыз қалған. Таяуда ғана жалғыз қызынан айырылып қалған. Көкшетау қаласында туыстарынсыз қалған зейнеткер қаржылық қиындықтарға тап болғандықтан, облыс орталығындағы абаттандырылған пәтерін ауылдағы жеке үйге айырбастауға шешім қабылдаған.

Жаңа тұрғын үйге көшу елдегі карантин кезеңіне сәйкес келген. Бақыт Нұртазқызының айтуынша, қалған туыстары Қазақстанның басқа қалаларында – Павлодар мен Нұр-Сұлтанда тұрады, ал карантинге байланысты олар туысқандарына көшуге көмектесу үшін келе алмайды. Ал пәтердің жаңа иелері келіп, әжейге 22 сәуірге дейін үйін босатуды сұраған.

Қиын жағдайға тап болған зейнеткер тікелей Ақмола облыстық полиция департаментінің басшылығына Атбасар қаласының маңындағы ауылға жүгін кедергісіз тасымалдауды ұйымдастыруға көмек көрсетуді өтініп, хат жазған.

«Күн сайын жылаймын, қандай жол табарымды, кім көмектесетінін білмеймін… Сенен ұлым ретінде сұраймын», – деп жазған облыстық ПД басшы Арманбек Баймурзинге зейнеткер.

Жалғызбасты әжейдің әсерлі хатын алғаннан кейін тәртіп сақшылары дереу көмек ұйымдастырды. Басшылықтың өкімін алғаннан кейін ПД КҚПҚБ жол қозғалысын ұйымдастыру және қадағалау тобының аға инспекторы Амангелді Жараспаев мекенжайға барып, жағдайды зерделеп шыққан. Полицейлер қарт кісінің дереу көлікпен қамтамасыз етті, ал Көкшетау қаласының ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері әжейдің мүлкін жинап, шығарып, көлікке салды.

Көкшетау-Атбасар тас жолының бойында үш блок-бекет болған, полиция қызметкерлері әжей мен оның жүгі салынған көліктің кедергісіз жүруін ұйымдастырды.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері жолаушы жеткізілген сәтке дейін тасымалдаушы жүргізушімен байланыста болған.

Қазіргі уақытта Бақыт Нұртазқызы жаңа баспанасын жинап бастаған, ол полицейлерге адамгершілігі және уақтылы көмек көрсеткені үшін шын жүректен алғыс айтты.

«Мен осындай ұлдарды өсірген аналарға алғысымды білдіремін», – дейді зейнеткер.

stan.kz