Сенаторлар балалар үйін аралады — Қоғам|02 Желтоқсан 2018, 10:22
Астана, BAQ.KZ. Сенат Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров пен Сенат депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Бірғаным Әйтімова Ақмола облысы, Ақкөл қаласындағы №1 балалар үйінде болды.
Сенатта бірнеше жылдан бері парламентшілердің балалар үйіне баруы ізгі дәстүрге айналған болатын.
Сапар барысында депутаттар тәрбиеленушілермен кездесіп, кітапханада, қызықты жұмыстар бөлмесінде, спорт залы мен демалыс бөлмесінде болды. Демалыстағы тәрбиеленушілер жағдайымен және бүлдіршіндердің денсаулығын нығайту бағдарламасымен танысты.
Кездесу соңында балаларға кітаптар, ойыншықтар, тәттілер мен теледидар тарту етілді.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ