Сенатор мемлекет ақшасын үйлену тойына жұмсаған

0

Американдық Теннесси штатының сенаторы үйлену тойы мен сәнді өмір салтын төлеу үшін 600 мың доллар мөлшеріндегі федералды қаражатпен алаяқтық жасады деп айыпталды.

Прокурорлардың айтуынша, сенатор Катрина Робертсон қоғамдық денсаулық сақтау институтына төрт жыл бойы берген ақшаны жымқырған.

Ол үйлену шығындарын жабумен қатар, оны бал айына төлеуге қаражат жұмсады деп айыптайды. Сондай-ақ, ол 2016 жылы қызына жол талғамайтын көлік сатып алып, үйін көріктендіргені де хабарланған.