Сенатор білім саласындағы былықты жайып салды   

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Мұрат Бақтиярұлы мұғалімдерге бөлінген ақша тиімсіз жұмсалды деп санайды. Оның пікірінше, реформалар қаржы бөлдіру мақсатында ғана жасалған сияқты     

НҰР-СҰЛТАН, 26 желтоқсан – Sputnik. Сенатор Мұрат Бақтиярұлы білім саласының негізгі мәселелерін көтерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, соңғы ширек ғасырдың ішінде отандық білім саласы реформалардан көз ашпай келеді. Ал ғылыми тұрғыда зерттелмеген реформаларды жүзеге асыруда техникалық мүмкіншіліктеріміз де, сол реформаны жасайтын ең басты тұлға – мұғалім мен оқушы, сондай-ақ,  ұлттық менталитет пен психологиямыз ескерілмеді.

Тағы оқыңыз: Білім министрлігі мектептерді дамыту үшін Дүниежүзілік банктен қарыз алды 

«Мысалы, 2012 жылы мұғалімдерді Кембридж технологиясы бойынша деңгейлік курстардан өткізу басталды. 2016 жылдан бастап мектептерде үш тілде сабақ беруді енгіздік. Осы 2016-2019 жылдары үш тілде оқыту аясында 22 250 пән мұғалімі ағылшын тілінен біліктілікті арттыру курсынан өтті. Бұған республикалық бюджеттен 13,1 миллиард теңге қаржы бөлінді. Қазіргі кезде осы курсты бітіргеннің 8 763-і ғана ағылшын тілінде сабақ береді. Қалған 13 478-і не үшін курстан өткені белгісіз. Оларға қыруар қаржы бөлінді. Ол үшін кім жауап береді?», – деді Бақтиярұлы сенаттың пленарлық отырысында.

Сенатордың ойынша, жаңартылған білім бағдарламасы асығыс енгізілді. Ал соңғы реформалар көп жағдайда ақша үшін жасалған сияқты.

«Осыған қарап, білім саласына реформа жасап, әртүрлі бағдарлама қабылдап, ақша бөлдіру ниеті алға озып тұрғандай болып көрінеді. Соның бір айғағы – елдегі орта білім беру, оның ішінде үштілділікті енгізу үшін Дүниежүзілік даму банкінен 66 миллион доллар көлеміндегі кредиттің алынуы», – деп атап көрсетті Бақтиярұлы.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде Қазақстан балаларды орта біліммен қамтамасыз ету жағынан 148 елдің ішінен 18-ші орын алса, білімнің сапасы бойынша 84-ші орында тұр. Бұл «сан барда сапа жеткіліксіз» деген сөз.

 

 



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз