Сенат төрағасы Әшімбаев коронавирус жұқтырды

0
456
Маулен Ашимбаев

Қазақстан Республикасы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев коронавирус жұқтырды.

«Құрметті достар!

Барынша сақтанып жүргеніме қарамастан, соңғы сынама нәтижесінде коронавирус індетін жұқтырғаным анықталып отыр. Бірақ бойымда аурудың ешқандай белгілері жоқ. Әйтсе де оқшауланып, мамандардың барлық талаптарын қатаң сақтаудамын. Соған байланысты жұмысты да қашықтан жалғастырамын.

Өкінішке қарай, пандемияның екпіні әлі бәсеңдеген жоқ. Сондықтан арқаны кеңге салып, сақтық шараларына бейжай қарауға болмайды. Бұл, ең алдымен, өзіміз және туған-туыстарымыз үшін аса маңызды.

Ендеше індеттің алдын алуға баса мән берейік. Аман болыңыздар.» деп жазды төраға әлеуметтік желідегі парақшасына.