Сенат спикерінің кеңесшісі: Дариға Назарбаева сайлауға түспейді

Қазақстан сенатының спикері Дариға Назарбаева 9 маусымда өтетін президент сайлауына қатыспайды. Бұл туралы Tengrinews.kz сайтына Назарбаеваның көмекшісі Сәуле Мұстафаева айтты.
Мұстафаева Tengrinews.kz сайтына «Дариға Нұрсұлтанқызы 9 маусымдағы сайлауға түспейді» деген.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 сәуірде республикалық арналар эфирінен жасаған мәлімдемесінде Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауы 2019 жылдың 9 маусымында өтетін жариялады.
Қазақстанда 30 жылға жуық билік құрған Назарбаев 19 наурызда кенеттен президент қызметінен кететінін жариялаған. Ол мәлімдемесінде сайлау өткенше Қасым-Жомарт Тоқаев президент болатынын айтқан. Тоқаев 20 наурызда ант беріп, қызметіне кіріскен. Тоқаевтың орнына Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаев сенат спикері болып тағайындалған.