Сенат спикері ресейлік студенттерге қазақ тілін үйренуді ұсынды

0

Парламент Сенатының спикері Мәулен Әшімбаев Достастық елдерінің жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқыту кафедраларын ашуды ұсынды, деп хабарлайды Kznews.kz порталы Arbat.media сайтына сілтеме жасап.

14 сәуірде Санкт-Петербургте ТМД Парламентаралық Ассамблеясының бесінші пленарлық отырысы өтті. Қазақстандық делегацияны ҚР Парламенті Сенатының спикері Мәулен Әшімбаев басқарды.

Парламенттің жоғарғы палатасының төрағасы өз сөзінде ПАА қатысушыларының қарауына бірқатар бастамаларды ұсынды, оның ішінде ТМД — ға қатысушы елдердің тілдерін зерделеу де болды.

«Халықаралық ынтымақтастықты дамытуда тілдерді білу маңызды рөл атқаратыны жалпыға белгілі. Өкінішке орай, біз ТМД елдерінің тілдерін оқытуға әрдайым жеткілікті көңіл бөле бермейміз. Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінде ТМД және жақын шет елдердің тілдері мен мәдениеттерінің бірегей кафедрасы бар, онда Достастық елдерінің тілдері оқытылады. Біз өз тарапымыздан осы кафедраға қазақ тілін оқыту бойынша қажетті көмек көрсетуге дайынбыз. Осындай кафедраларды басқа мамандандырылған жоғары оқу орындарында ашу мәселесін қарастыруға болады деп ойлаймын», — деді Әшімбаев.

фото:arbat.media