Сенат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тіркеу қашан басталады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Сайлау өтетін күнге бір ай қалғанда, яғни 12 шілдеде он жеті өңірде кандидаттар ұсыну процедурасы аяқталады

НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik. Сенат депутаттығына кандидаттарды ұсыну 13 маусымда басталады. Бұл туралы орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Депутаттыққа үміткерлерді ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейін, яғни ертеңнен басталады. Сайлау өтетін күнге бір ай қалғанда, яғни 12 шілдеде жергілікті уақытпен кешкі 18:00-де әр 17 өңірде кандидаттар ұсыну процедурасы аяқталады», — деді Петров.

Айтуынша, сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжат алынғаннан кейін басталады және дауыс беру күніне 20 күн қалғанда, яғни 23 шілдеде жергілікті уақытпен 18:00-де аяқталады.

Айта кетсек, сенат депутаттарының жартысы әр алты жыл сайын қайта сайланып отырады.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевтің айтуынша, осы жылдың қазан айында 2014 жылы сайланған 17 сенатордың өкілеттік мерзімі аяқталады.

Оқи отырыңыз: Дариға Назарбаева қайтадан сенатқа бара ма – сарапшылар болжамы 

Сенат депутаттарын жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы тыңдаушылар –  мәслихат депутаттары сайлайды.

«Ал оларды республика азаматтары сайлады. Осылайша ел азаматтары өз өкілдері арқылы сенатты қалыптастыруға атсалысады», — деді Имашев сенат депутаттарын сайлау бойынша негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекітуге арналған отырыста.

12 маусымда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 12 тамызда сенат депутаттарының сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қойды.



sputniknews.kz