«Сен жоқта тас-талқан болам»: Заттыбек Көпбосынұлы әйелін ерекше құттықтады

0

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі ел алдында жарын еркелетіп, ақжарма тілегін жаудырды.

“Туған күніңмен! Сен барда асқар таумын, Сен жоқта тас-талқанмын. Сәні мен дәмі бөлек Сен жайған дастарханның Мың мадақ жаратқанға Бағалы бақытымсың Бақыттан бас тартады кім Мың мадақ жаратқанға. Өлеңді ақын Қалқаман Сарин жарына арнаған. Мен осы өлеңді ән қылып өзіңе арнадым. Сені маған жолықтырған жаратқанға мың алғыс. Бірге көретін жақсылығымыз көп болсын. Алланың бізге сый еткен балапандарымыз қанатын қатайтып, көкке самғап биікке өрлегенін көрсетсін!”, – деді әнші.

Айта кетейік, өнер иесі жары екеуі 10 жыл сәби күткен.

“Ұлды болған әкенің көңіл-күйі керемет. Алланың сыйы ғой. Елдің пиғылы деп білемін, Құдайға шүкір. Бұл әсерді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Өте қатты қуаныштымын. Есімін Бихан деп атағалы отырмыз. Қазақтың «би» деген сөзіне, «хан» деген сөзді қостық. Бұл – қызымның таңдауы. Сол есімге тоқтадық. Қайдан естігенін білмеймін, әйтеуір сол есімді қызым көптен бері айтып, ұнатып жүрген еді. Өзі ұсыныс айтты. Біз де сол есімді қоюға қарсы болмадық», – деген еді Заттыбек Көпбосынұлы.