Home Жаңалықтар «Сен ұл тумадың»: Әйел 3 қызымен пойыз астына түсті

«Сен ұл тумадың»: Әйел 3 қызымен пойыз астына түсті

0
15128

Өзбекстанда 31 жасар әйелдің өлімі қоғамдық резонанс тудырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ZorTV телеарнасының хабарлауынша, қайғылы оқиға 21 наурыз күні Науаи облысы Совунгар махалласында орын алды. Әйел 2013, 2016 және 2018 жылы дүниеге келген қыздарымен жүк пойызының астына түсіп қайтыс болған. Олар теміржол рельсінің бойына жатқан. Салдарынан әйел қайтыс болды.

Бір ақпарат көзі қыздары да қайтыс болды десе, басқасы балалары аман қалған деп хабарлайды. Яғни қыздары анасының қолынан сырғып үлгірген.

Орын алған қайғылы оқиғаға қатысты Өзбекстан Сенатының сайтында ақпарат берілді. Сенат комитеті Олии Мәжілісінің төрағасы Кадырханов суицидтік жағдай ешкімді бей-жай қалдырмағанын айтады. Осы орайда шенеушік Науаи облысы әкімдігіне оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында хат жолдады.

“З. Джабборованың жақындарымен әңгімелесу нәтижесінде әйелдің тұрмыстық жағдайы орташа болған. Соңғы уақытта жолдасы О. Рузиевпен отбасылық кикілжіңге байланысты психикасы сыр берген. Күйеуі оған сен ұл тумадың деп кінә таққан.

Дегенмен әйел отбасының басқа мүшелерімен жанжал болмаған және психикалық тұрғыдан сау болған. Сондай-ақ, оның туыстары да психикалық ауытқу болмаған”, – деп хабарлайды.

Медицина мамандарының мәлімдеуінше, 2021 жылдың қаңтарында әйел жүкті болған. Тексеру нәтижесінде кезекті қыз күтілетіні анықталған. Және қыз болатынын білген әйел аборт жасатқан.

Сондай-ақ, З. Джаббарованың Махалин аудандық азаматтар бөлімі қызметкерлеріне немесе Ішкі істер департаменті профилактика инспекторларына отбасылық кикілжіңге туралы айтпағаны айтылады. Қазіргі уақытта Науаи транспорттық прокуратурасында мәйітті тануға қатысты жұмыстары жүріп жатыр. Және аталған мәселе Сенаттың әйелдер және гендерлік теңдік комитетінің бақылауында.

Одан бөлек, аталған қайғылы оқиға туралы Gazeta.uz сайты да хабарлайды.

“Әйел балаларымен бірге пойыз астына түспек болған. 2013 жылы туған үлкен қызы анасының қолынан суырылып шығып аман қалған, ал қалғандары анасымен қалған. Салдарынан 2016 жылы дүниеге келген қызы бас жарақатын алып қазір аурухана жатыр. Ал 2018 жылғы қызы толықтай аман”, – деді Науаи облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Уктам Усмонов.