«Сен сияқты күйеуден туа бергің келеді»: Баян Алагөзованың қызы желіге қызықты жазба қалдырды

0

Танымал әулеттің қызы Айсәуле Бақытбек желіде қызықты ойымен бөлісті. 

Ол «Екіншіге қалай шешім қабылдадыңыз?» деген оқырманының сауалына жауап берген еді.

Менің жағдайымда физикалық немесе басқа да жағдайлар алаңдатпайды. Іштей бір шешімге келе алу ғана керек болды. Бірінші баламды босанғаннан кейін «Бұл соншалық қиын емес екен. Тағы да тууға болады» дедім. Маған жасалатын қолдау, көмек көп. Сондықтан ана болудан тек рахаттанамын. Егер отбасыңызда бәрі жақсы болса денсаулығыңыз дұрыс болса, көмекші жалдауға жағдайыңыз келіп тұрса неге жоқ деуім керек? Мен күйеуімді кездестіргелі бері оған «Сен сияқты күйеуден туа бергің келеді» деп жиі айтамын. Міне, туғалы жатырмын енді», — деген ол.

Айта кетейік, Айсәуленің жары Әлішер Хайдаров – кәсіпкер. Екеуі 2018 жылы отбасын құрған еді.