«Сен де өнер шығайын дедің бе»: «МузАрт» тобының солисін әйелімен сүйіскен суреті үшін оқырмандар сынап тастады — Қазақстан жаңалықтары

0

«МузАрт» тобының мүшесі Кенжебек Жанәбілов әйелімен сүйісіп тұрған суретін инста-парақшасына жүктеген бойда сынның астында қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

кенжебек жанәбілов

Жақында ғана төрт баланың әкесі атанған Кенжебек Жанәбілов әйелімен танысқан күнін еске алып, пост жариялады.

«Бүгін бір қызбен таныстым. 01.03.2005 ж. кездесуге шақырдым. Танысқан күніміз «Алғыс айту» күніне тұспа-тұс келген екен. Аллаға шүкір осы күніме. Ал, мына фото”Махаббат”қаласында. Мереке құтты болсын. Әр шаңыраққа тек жақсылық тілеймін», — деп әнші жазба қалдырды.

Бірақ оқырмандары әншінің жарымен сүйісіп тұрған суретін жақтырмады. 

«Балмұздақ елестеп кеткен жоқ па?» — деп актер Жасұлан Базарбаев әзілмен қағытса,  «Жастар бақытты болыңдар ! Мына сурет қалай өзі?!» — деп ақын Сара Тоқтамысова бақыт тіледі. 

Оқырмандардың басым бөлігі әншінің мұндай сурет салмауын сұрап, шағымданды. 

«Қойыңызшы, Кенжебек мырза! Бұныңыз ұят енді», «Сұмдық! Не мынау? Басқа фото жоқ па? Балдарыңа не тәрбие?», «Мына суретті алып тасташы. Кенжебек деген атыңа сән тірлік емес», «Жеп кояйын деп жатқан сияқты ма қалай өзі?!», «Сен де өнеріңді шығарайын дедің бе» — сынды пікірлер пост астында қарша борады. 

stan.kz