Семіздік адамды өлімнен құтқарды — Қазақстан жаңалықтары

0

Англияның Борнмут қаласындағы The Christopher Creeke пабында семіз адам баспалдақтан құлап, үлкен ішінің арқасында аман қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өткен тамызда 61 жастағы Колин Хейз дәретханаға баспалдақпен түсіп бара жатып, сүрініп құлаған. Ауруханада оған миына қан кету диагнозын қойған. Дәрігерлердің айтуынша, семіздік оны өлімнен құтқарды, өйткені майлы асқазан құлаған кезде соққыны жұмсартқан. «Мұның бәрі қалай болғандығы есімде жоқ. Дәрігерлер, егер мен арық болсам, қазір өліп қалуым мүмкін деп сендіреді. Егер менің ішім болмаса, мен басыма қонар едім», — дейді ол.

Хейз төрт күн ауруханада медициналық бақылауда болды. «Артық салмақ менің өмірімді сақтап қалды», — деп баса айтты ол. Осыған қарамастан, болған жағдайдан кейін, Хейз формасын қалпына келтіруді шешіп, содан бері 12,7 келіні жоғалтты.

Өткен тамызда семіз іш Жаңа Зеландия тұрғыны Моник Мэтьюсті жол апатындағы өлімнен құтқарғаны туралы хабарланған. Ауруханада дәрігерлер оның артық салмақ салдарынан тірі қалғанын айтты.
 

stan.kz