Семейлік жігіт 12 күннен бері табылмай жатыр

0
Семейлік жігіт 12 күннен бері табылмай жатыр


Семей қаласының тұрғыны Біржан Жақиянов 12 күннен бері табылмай жатыр.

Туыстарының айтуынша, ол желтоқсанның сегізі күні 72-ші кварталдағы үйінен шығып, Бесқарағай ауданына қарасты Стеклянка кентіне жол тартқан. Оны дәл осы ауылдан көргендер бар болып шықты.

Бірақ қазір жоғалған жас жігіттің қайда жүргені әлі белгісіз.Үстіне сол күні қара көк түсті қыстық куртка, басына қара түсті бас киім киген екен. Біржанды көрген-білгендер болса 8-747-349-57-17 немесе 102 нөмірлеріне хабарласса болады.

Дереккөз: Алтайньюс