Семейге сәбилерді бір жастан қабылдайтын балабақшалар қажет
Фото: ipnews.in.ua
Астана, BAQ.KZ. Семей қалалық білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенконың айтуынша, соңғы үш жылда Семейде жекеменшік кәсіпкерлік бағытында 22 балалар бақшасы салынған. 2020 жылғы дейін Семейде мектеп жасына дейінгі балғындардың түгелі балабақшамен қамтылмақ. Бұл туралы altaynews.kz тілшісі хабарлайды.
Бұл жерде ең бастысы Семей қаласы кәсіпкерлерінің «Қазақстан-2050» стратегиялық құжатына үлес қосамыз деген белсенділіктері басты роль атқарып отыр. Елбасының биылғы Жолдауы мен «Қазақстан-2050» стратегиясы негізгі жеті бағытты айқындайды. Оның ішінде әлеуметтік саясат, әлеуметтік кепілдемелер және жеке кәсіпкердің әлеуметтік жауапкершілігі ерекше орын алады.
Наталия Фесенконың айтуынша, Семейде балабақшадан орын алу үшін 11 509 бала кеезкте тұр. Оның ішінде 10 275-і 0-3 жастағылар екен. Себебі қазір талап бойынша перзентханада туа сала бір жасқа толмай дереу кезекке тұратын көрінеді.
«Қаланың ата-аналар қоғамы балаларға арналған 1 жастан қабылдайтын сәбилер балабақшасын ашуды көптен бері айтып келеді, Сондықтан да біз балабақша иелеріне осы сұрақты назарға алып, шешуін өтініп отырмыз. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде Семей қаласы бөбекжай топтарын қаржылай қамти алады. Ең алдымен, әрине 3-6 жастағы балаларды балабақшамен қамтып алуымыз қажет. Әзірше кезек күтіп 1032 бала тұр. Бұл күн сайын өзгеріп толығып отырады. Балабақшаларда орын болмай тұр», — деді Наталия Фесенко.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ