Семейдегі мешітке Әлихан Бөкейхан есімі берілді

0

Семей қаласының Суықбастау кентіндегі мешітке Алаш көсемі, мемлекет қайраткері, ғалым Әлихан Бөкейханның есімі берілді. Бұл туралы KzNews.kz Мүфтиятқа сілтеме жасап хабарлайды.

Осыған орай мешітте ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан рухына арнап Құран хатым оқылды.

–«Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деп  өзіне  серт берген Алаш көсемі есімінің мешітке берілуінің тарихи себептері бар. Әлихан бабамыз осы Семей жерінде жүріп, қазақтың болашағы үшін аянбай еңбек етіп, Алаш партиясын құрды. Дегенмен Мәскеуде үйқамақта ұстаған большевиктер асыл ерді Әскери сот коллегиясының шешімімен 1937 жылдың 27 қырқүйегінде ату жазасына кесті. Бүгінгі біздің өткізіп отырған шарамыз дәл осы күнге сай келіп отыр. Алдағы уақытта осы мешіттің ішінен Әлихан Бөкейхановтың еңбектерін жинақтап кітапхана ашу жоспарымыз бар, – дейді ҚМДБ Семей өңірінің бас имамы Асқар Әбітайұлы.

 

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз