Семейдегі «Дариға-ай» жастар театры туралы қызықты деректер

0

«Дариға-ай» жастар театры Семейде Абай атындағы театрдың ғимаратында орналасқан

«Дариға-ай» жастар театры профессор Дариға Тұранқұлқызы және белгілі қоғам қайраткері, абайтанушы, ҚР еңбек сіңірген қызметкері Төкен Ибрагимовтың бастамасымен 1999 жылы 14 қарашада ашылды.

Сонымен қатар театрдың ірге тасын қалауға профессор Майра Омарбаева, аға оқытушы Мейрамгүл Алепарова және театрдың режиссеры һәм көркемдік жетекшісі болған Ақбарәлі Айтыбаев сынды азаматтар ат салысқан.

Театр қоржынында қазақ қаламгерлерімен қоса шет ел драматургтерінің сүбелі шығармалары бар.

Тағы оқыңыз: «Екі езу» сатира театры туралы қызықты деректер

Жастар театрының жетістіктері

«Дариға-ай» жастар театры 2002 жылы Астанада өткен І-ші республикалық әзіл-сықақ байқауының, 2004 жылы елордада өткен «Шабыт» халықаралық фестивалінің, сонымен қатар республикалық Оралхан Бөкей атындағы көркем сөз шеберлерінің лауреаты боп танылған.

2017 жылы Татарстан Республикасының астанасы Қазан қаласында өткен түркітілдес халықтардың «Наурыз – 2017» халықаралық фестивалінің ақтық сынына дейін барып, жастар театры жүлдегер атанды.

2017 жылы Астана қаласында белгілі сыншы Әшірбек Сығайдың 70 жылдығына арналған XXV республикалық театрлар фестивалінің бас жүлдесін иеленді.

2010 жылы Таразда өткен Ұлы Жеңістің 65 жылдығына және Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына арналған республикалық театр фестивалінде жастар театры қойған қойылым «Ең үздік әйел бейнесі» номинациясы бойынша жүлдені қанжығалады.

2018 жылы Талдықорған қаласында өткен Астананың 20 жылдығы мен көрнекті мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновтің 120 жылдығына арналған VII Орталық Азия елдерінің халықаралық театр фестивалінде өнер ұжымы Құман Тастанбеков атындағы «Ең үздік ер адам бейнесі» жүлдесін жеңіп алды.



sputniknews.kz