Семейде жүк вагоны рельстен шығып кетті


Фото: 24.kz
ШҚО, BAQ.KZ. Жаңа Семей станциясында төрт жүк вагоны рельстен шығып кетті. Бұл туралы “ҚТЖ-Жүк тасымалдары” АҚ хабарлады.
«Оқиға кеше, 24 қараша күні сағат 16.30-да Жаңа Семей іріктеу станциясының жолдарында болды. Вагондардың рельстен шығып кетуіне желдің күшеюі себеп болған» — делінген хабарламада.
Анықталғандай, адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ. Сондай-ақ, компания оқиғаның пойыздың қозғалысына әсер етпегенін айтады. Вагондар релске қайта шығарылып, станция жұмысы әдеттегідей жалғасып жатыр.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ