Семейде жеке сектордың тұрғындары төтенше жағдай кезінде үйден шығуға рұқсатта алу үшін ұзын кезекке тұрды — Қазақстан жаңалықтары

0

Семейде дүкенге, дәріханаға немесе банкке шығу үшін рұқсаттама беру басталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті журналисі Жандос Қасенов арнайы автобус келген Шығыс кентіндегі жеке секторда рұқсатнама беру кезінен видео жариялады. Кадрларда адамдардың қалай тізіліп тұрғандығы көрсетілген.

Семей тұрғындары әзірге өткізу жүйесі қалай жұмыс істейтінін түсінбей отыр, тіпті кейбірі рұқсаттама ала алмай қаламыз деп қорқады.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов хабарлағандай, №2 рұқсаттама (дүкенге немесе дәріханаға аптасына үш рет шығу үшін) екі түсті – ақ (тақ күндері) және жасыл (жұп күндері) болады. Екі қаланың көп пәтерлі үйлерінің тұрғындары ПИК-ке, кондоминиумдарға «бір пәтер-бір рұқсаттама» қағидаты бойынша рұқсаттама алады.

 

Өскемен қаласының жеке үйлерінің тұрғындары жергілікті өзін-өзі басқару комитеттерінен, Семей қаласында арнайы жылжымалы тарату пункттерінен рұқсат алады. Ал саяжай тұрғындары құжаттарды кооператив төрағаларынан немесе көше үлкендерінен ала алады.

ПИК, кондоминиумдар, КМС 2020 жылдың 2 сәуірінен бастап күн сайын 8.00-ден 00.00-ге дейін демалыссыз жұмыс істейді.

Рұқсаттаманы алған кезде автокөліктің мемлекеттік нөміріне сәйкес ақ немесе жасыл рұқсаттаманы беру үшін техпаспортты көрсету қажет. Егер көлік жоқ болса, рұқсат қағазы үйдің нөміріне сәйкес беріледі. Рұқсаттама жеке куәліксіз жарамды емес.

Айта кетейік, 2 сәуірден бастап Өскемен мен Семейде қосымша шектеу шаралары енгізіледі. 15 бақылау-өткізу пункті қойылады, қалалар бойынша көлік қозғалысы күндізгі уақытта шектеледі, түнгі уақытта тоқтатылады.

Бүгінгі күні ШҚО-да коронавирусты жұқтырудың екі оқиғасы тіркелді.

 



stan.kz