Home Жаңалықтар Семейде вагондар рельстен шығып кетті

Семейде вагондар рельстен шығып кетті

0
172
Семейде вагондар рельстен шығып кетті


Жаңа Семей станциясында төрт жүк вагоны рельстен шығып кетті.

Оқиға 24 қараша күні Жаңа-Семей станциясында болған. Басқармадағылардың айтуынша, бос жүк вагондары рельстен шығып, аударылып қалған.

№44 бағыттамалық бұрмада төрт вагон бір жағына қарай ауып кетті. Алдын ала болжам бойынша, вагондардың жолдан шығып кетуіне ауа райының қолайсыздығы себеп болған.

«Оқиға кеше, 24 қараша күні сағат 16.30-да Жаңа Семей іріктеу станциясының жолдарында болды. Вагондардың рельстен шығып кетуіне желдің күшеюі себеп болған» – делінген хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ.