Семейде ұры кондуктор ұсталды

0

26 жастағы кондуктор бұрын да істі болған екен.

Семейде ұры кондуктордың ісі ашылып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz Алтайньюс-ке сілтеме беріп.

Қалалық полиция бөлімшесіне 28 жастағы тұрғын «Huawei» маркалы 50 мыңдық телефоны жоғалғаны туралы шағым түсіреді. Оның айтысынша, телефонды шубасының қалтасынан автобуста әлдекім ұрлаған болуы мүмкін.

Жедел іздестіру шарасының барысында 26 жастағы кондуктор ұсталды. Ол бұрын істі болған екен. Күдікті телефонды бейтаныс біреуге сатып, ақшасын жаратып қойғанын айтыпты.

Күдіктінің үстінен қылмыстық кодекстің 188-бап 1-тармағы бойынша іс қозғалды.

Тәртіп сақшылары затты жоғалтқан жағдайда уақыт созбай шағым түсіру керектігін айтады. Қаншалықты тез шағым түсірсеңіз, ұрыны да соншалықты тез тауып алуға болады.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz