Семейде той кортежінде оқ атқан жастар елдің зәресін ұшырды (видео) — новости Казахстана
Семейде үйлену тойында кортежге шығып, жол ережесін бұзған және атыс ұйымдастырған азаматтар ұсталды деп хабарлайды NUR.KZ.
Бірнеше жол-көлік ережесі бұзылған үйлену тойындағы кортеж видеосы полиция қолына түскен. Оқиға 24 қараша күні орын алыпты.
Кортежге қатысқандар жол талғамайтын көлітерге мініп, жаяу жүргіншілер жолымен жүрген.
Сондай-ақ, дабылдағыштарын басып, көлік кептелісін қолдан жасаған. Ал бір қонақ тіпті, көлік айдап келе жатып аспанға бірнеше рет оқ атыпты.
Айта кету керек, қонақтардан алынған «Retay Baron» қаруын ішкі істер органдарында тіркеу міндеттелмеген екен. Ереже бұзған жеті адам Семейдегі орталық полиция бөлімшесіне жеткізілді.
Олардың үшеуі айыппұл төлеп құтылса, атыс жасаған азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар