Семейде сауда кешені өртенді | КТК
Семейдегі сауда кешендерінің бірінде бутиктер өртенді
Белгілі болғандай, 5 желтоқсан күні сағат 13:48-де өрт сөндіру қызметі пультіне Семей қаласының Жаңа-Семей сауда орталығының аумағында өрт болып жатқаны туралы хабар келіп түскен.
«Жалпы алаңы 60 шаршы метр болатын сауда бутиктерінде өрт болды. Сағат 14:20-да өрттің өршу ықтималдылығы шектелді. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ. Эвакуация жүргізілмеді», — делінген ТЖК хабарламасында.
Өрт сөндіруге Шығыс Қазақстан облыстық ТЖД-нің 24 өрт сөндірушісі мен 6 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.
Дереккөз: ҚазАқпарат