Семейде полиция «клиенттерінің көңілін көтеріп жатқан» жезөкшелердің үстінен түсті (видео)

0
39
Сурет: ptksgc

Семейде жалға берілетін пәтерді жын-ойнаққа айналдырған жезөкшелер ұсталды. Жеңіл жүрісті қыздар клиенттердің көңілін көтеріп жатқан кезде полиция үстінен түсті деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарна тілшісінің айтуынша, арын ақшаға сатқан бикештер тосын келген қонақтарды тосырқамаған, тек бір сәттік рахаты бұзылғанына бұлқан-талқан болыпты. Сау етіп кіріп келген тәртіп сақшыларынан қымсынбай, жалаңаш күйі көлбеңдеп жүрді.

Олар ешқандай жазаға тартылмайтынын жақсы біледі. Мәселен, жезөкшелерге интимдік қызмет көрсеткені үшін салынатын айыппұл көлемі 14 мың теңгеден аспайды, дейді БАҚ өкілі. Сондықтан «түнгі көбелектер» жиналатын қонақ үйлер мен сауналар да көбейген.

Бұл жолғы рейдте жеңіл жүрісті қыздарға «жеңгетайлық» жасаған сауна әкімшілерінің де ұсталғаны айтылды.

«Жеңіл жүрісті қыздарды клиенттерге тауып бергені үшін ұсталды. Олардың үстінен Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 309-бабының бірінші тармағымен іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Егер кінәсі дәлелденсе, сот шешімімен үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады», – деді Семей қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің басшысы Елеубек Оспанов.