Семейде оқушы қызды қатарластары топтасып ұрып, видеоға түсірген (ВИДЕО)
Семейде оқушы қыздардың төбелесіне қатысты тексеріс басталды, деп хабарлайды Kznews.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Қаладағы базар маңында жиналып, төбелескен жасөспірімдердің ата-аналары жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Көпшіліктің жағасын ұстатқан видео әлеуметтік желіде таралды. 7-8 сыныптың қыздары топ болып жиналып, қатарластарын күшпен итеріп жібереді. Сосын жерге оңбай құлаған қызды мазақ қылады. Ары қарай екі оқушы сырт киімдерін шешіп, төбелесіп жатқанын көруге болады. Қалған қыздар видеоға түсіріп, жанжалды тамашалап тұр.
Қалалық білім бөлімінің басшылығы қызлар арасындағы төбелес сабақтан тыс уақыттта болғанын айтады. Оған қатысқан оқушылар анықталып, ата-аналарымен бірге полицияға бөлімшесіне жеткізілген.
“Семей қаласының «Жансая» базары маңында екі мектептің 7-8 сынып қыздары арасында орын алған жанжал туралы ақпарат әлеуметтік желіде шықты. Бұл оқиға сабақтан тыс уақытта орын алды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Қатысушылар мен олардың заңды өкілері, содай-ақ білім бері мекемелерінің өкілдері тиісті құқық қорғау органдарына түсініктеме берді. Видеоны әлеуметтік желіде жариялаған оқушының заңды өкілдеріне ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес айыппұл салды”, – дейді Семей қаласы білім бөлімінің міндетін атқарушысы Макия Әмірханова.