Семейде мұз сарайы салынады — Аймақ|27 Желтоқсан 2018, 12:48




Фото: altaynews.kz
Астана, BAQ.KZ. Семейдегі «Қарағайлы» жаңа ықшам ауданында алып мұз сарайы салынады. Жаңа спорттық кешеннің құрылыс жұмыстары 2019 жылдың жаз айларына жоспарланған. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.
Ғимараттың жалпы аумағы – 3 гектар болмақ. Ал ұзындығы – 240, ені 140 метрге дейін созылады.
«Ғимараттың жалпы аумағы – 3 гектар болмақ. Ал ұзындығы – 240, ені 140 метрге дейін созылады», — дейді жобалаушы мамандар.
Аталмыш нысанда хоккей, шорт-трек, мәнерлеп сырғану, керлинг, конькимен жүгіру және басқа да жарыстар өткізілетін болады. Сонымен қатар, жылдың қай уақытында болмасын қысқы спорт түрлерінен жаттығу жасауға барлық жағдай қарастырылады.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ