Семейде көпірден секірмек болған азаматты қала тұрғыны аман алып қалды

0
Семейде көпірден секірмек болған азаматты қала тұрғыны аман алып қалды


Семей қаласында жаңа жылдан кейін көпірден секірмек болған азаматты қала тұрғыны аман алып қалды.

Осы сәтте қарап тұрған полиция қызметкерлері де келіп, көптеп-көмектеп жүріп аман алып қалады. Сағат түнгі ондар шамасында қала тұрғындары полицияға белгісіз азаматтың көпірден секірмек болып тұрғанын хабарлаған. Жақын маңдағы экипаж аталған мекен-жайға жеткенде, көпір шетінде тұрған азаматпен әлдебір жас жігіттің сөйлесіп тұрғанын көреді. (Кейінірек ол тұрғынның аты – Оразалы екені анықталған). Тәртіп сақшылары әңгімеге араласып, ақымақтық жасауға шақ қалған жігітке қол ұшын созбақ болады.

Алайда секіруге өзінше бел шешіп алған жігіт олармен сөйлескісі келмейтінін айтып, «жақындамаңдар, әйпесе секіремін» деп қорқытқан. Бірақ Оразалымен сөйлесе береді. Көпір шетіндегі азаматқа мейілінше жақындай түскен Оразалы шап беріп қолынан ұстап үлгерген екен. Осы сәтте қарап тұрған полиция қызметкерлері де келіп, көптеп-көмектеп жүріп аман алып қалады.

Қала тұрғыны неліктен осындай әрекетке барғанын түсіндіруден бас тартты. Ал бейбіт күннің батыры атанған Оразалы Семейдегі медициналық университеттің  курс студенті екен. ШҚО Полиция департаменті Оразалыны сый-сияпатпен мадақтау жағын қарастырып жатыр.

Дереккөз: altaynews.kz