Семейде денесіне цефтриаксон егілген азамат комаға түсті — Қазақстан жаңалықтары

0

Семейде денесіне цефтриаксон препараты егілген ер азамат өліп кете жаздады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Экспресс К басылымына сілтеме жасап. 

Қазақстандық дәрігерлер екпе жасауды ескертеді

Семей қаласында ер азаматқа үйінде цефтриаксон дәрісі егілген көрінеді. Салдарынан оның жағдайы нашарлап, шақыртумен келіп жеткен жедел жәрдем оны о дүниеден бетін қайтарып алыпты. 

50 жастағы азаматтың дәріге қарсы реакциясы пайда болған. Нәтижесінде ол комаға бір-ақ түскен. Хабар келіп түскеннен соң жедел жәрдем науқас тұратын үйге 8 минуттан кейін келіп, оны ауруханаға жеткізіпті. 

Ұқсас жағдайдың алдын алу үшін дәрігерлер өз беттеріңізше ем қабылдамаңыздар деп кеңес берді. 

 

stan.kz