Семейде “7-20-25” бағдарламасы бойынша пәтерлер беріледі
Д.Ахметов Семейдегі Қарағайлы ықшамауданында аталмыш бағдарлама негізінде салынған 843 пәтер қолданысқа әзір екенін айтты.
ШҚО-да «7-20-25» бағдарламасы бойынша салынған 843 пәтер қолданысқа беруге дайын, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Өздеріңізге белгілі, дәл қазір «Алтай» арнасының тікелей эфирінде «әкім сағаты». Аймақ басшысы Даниал Кенжетайұлы жылдың қортындысын баяндауда. Сондай-ақ өңір жұртшылығы әкімге «тікелей эфирде» сауал қойып жатыр. Солардың бірі:
«Мен Семейде тұрамын. Енді ғана отбасын құрдым. «7-20-25» бағдарламасының тиімділігін естіп, біліп жатырмыз. Осы бағдарлама бойынша біздің қаламызда үйлер салына ма?», – деген сауал тастады.
Өз кезегінде Д.Ахметов Семейдегі Қарағайлы ықшамауданында аталмыш бағдарлама негізінде салынған 843 пәтер қолданысқа әзір екенін айтты.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/