Семейде 4 вагон рельстен шығып кетті — Тосын жай

0
86

Семейде вагондар рельстен шығып кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаланың ТЖ бойынша басқармасына сілтеме жасап.

Оқиға 24 қарашада сағат 16.30-да Жаңа-Семей станциясында болған. Басқармадағылардың айтуынша, бос жүк вагондары рельстен шығып, аударылып қалған.

«Соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады. №44 бағыттамалық бұрмада төрт вагон бір жағына қарай ауып кетті. Алдын ала болжам бойынша, вагондардың жолдан шығып кетуіне ауа райының қолайсыздығы себеп болған», — делінген хабарламада.

Оқиға жолаушылар пойызының қозғалысына әсер етпеді және ешкім зардап шеккен жоқ.