Семейде 19 жасар бойжеткен жоғалып кетті — Қазақстан жаңалықтары

0

Камералардан алынған жазбаларға сәйкес, қыз Ертістің сол жағалауы арқылы жаңа көпір ауданына беттегені анықталды. Оның одан әрі қайда кеткені белгісіз, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ШҚО полиция басқармасына сілтеме жасап.

Іздеу шараларына 500-ден астам полиция қызметкері, сондай-ақ Ұлттық ұлан мен құтқару сүңгуірлері қатысады. Жаңа көпір мен «Қарағайлы» демалыс орталығы арасындағы өзен түбінің 7 шақырымы қаралды.

Аймақ ауадан дрон арқылы зерттеліп жатыр. Жоғалған қыз жайлы нұсқаулық облыстық полицияның барлық бөлімшелеріне жіберілді.

Жоғалған қыздың белгілері: бойы 165 см, қоңыр көзді, ашық сары шашты. Ол қара жемпір мен ашық түсті джинсы киген, аяғында ақ жолақтары бар қара кроссовкалар.

Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері Айым Камзаеваның қайда екендігі туралы ақпараты бар адамдарды  мына нөмірлерге 8 (7222) 569 717, 102 қоңырау шалуды сұрайды.

stan.kz