Семей тұрғыны коронавирус жұқтырды деген ақпаратқа түсініктеме берілді

0

Желіде «Семейдің теміржол станциясының басшысы коронавирус жұқтырды» деген жалған ақпарат таралып кетті

НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз — Sputnik. Семейдің теміржол станциясының басшысы коронавирус жұқтырған жоқ. Желіде жалған ақпарат тарап жатыр, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі тауар және қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті.

«Қазіргі уақытта Семейде коронавирус тіркелген жоқ. Әлеуметтік желі мен БАҚ-та теміржол станциясының басшысы вирус жұқтырды деген ақпарат шындыққа жанаспайды», — деді Семей медициналық университеті балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі Имдат Эфендиев. 

Ол теміржол станциясының басшысы қазіргі уақытта жұмысында екенін атап өтті.

Қазақстанда коронавирус тіркелген жоқ. Тұрғындар 11-22 наурыз аралығында демалыс болады, Оңтүстік Кореяда қазақстандық коронавирус жұқтырды және Қытайдан келетін жеміс-жидек қауіпті деген хабар таратып жатыр. Мұның бәрі жалған ақпарат болып шықты.


©
Sputnik /

Коронавирусқа байланысты қолданылатын шаралар



sputniknews.kz