Семей қаласында төтенше жағдай жарияланды

0

Семей қаласында төтенше жағдай жарияланды.

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов төтенше жағдайды жою үшін іс-шараларды жүргізуді тапсырды.

«Абай облысы Семей қаласы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Семей қаласы әкімінің орынбасары Р. М. Досмағанбетов тағайындалсын және табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын», – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Семей қаласының көшелерінен 1500 текше метрден астам су шығарылды. Еріген су Абай ауданындағы тас жол мен ауылдық тұрғын үйлерді де басып қалды.

Фото: tengrinews.kz